Үкіметте қаржылық мониторинг субъектіліерінің тізімін кеңейту мәселесі қаралды
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия мақта саласын дамыту мәселелерін қарады. Атап айтқанда, мақта өңдейтін ұйымдардың басқа қызметті жүзеге асыруына тыйым алынып тасталды. Бұл шектеу «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңымен регламенттелген болатын.
Сондай-ақ комиссия қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімін кеңейту мәселесін қарады. Бүгінгі күндері ақшаны жылыстатуға және қаржылық лаңкестікке қарсы тұру жөніндегі халықаралық стандарттар бойынша Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), қаржы қызметін ұсынатын және лаңкестікті қаржыландыратын барлық тұлғаларға қарсы тұру жөніндегі заңнамалар талаптарын сақтау режимін тарату талап етіледі.
Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысымен Б.Сағынтаев қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.