Үкіметте Қазақстан Республикасында қор нарығын дамытуға негізделген заң жобасы бекітілді

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасында қор нарығын дамытуға негізделген заң жобасы бекітілді. Аталған құжатты Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов таныстырды.
None
None

«Елбасының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді», - деді министр.

Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жетекші отандық компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Қазақстанның ірі компанияларының ашықтығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттігін арттыру және жалпы алғанда ішкі қор нарығын дамытуға мүмкіндік беру мақсатында «Халықтық IPO» бағдарламасын бастау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы сәйкес келтіру болып табылады.

Атап айтқанда, заң жобасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 6 Заңына («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы») өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар