Үкіметтік емес ұйымдар Атырауда табиғатты пайдалану келісім-шарттарының ашықтығын талқылайды

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Атырауда 29 қараша күні үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қаржы мен өндіруші өнеркәсіптен түскен кірістің ашықтығын көтеру бағытында алқалы жиын өткізеді.
None
None

«Өндіруші өнеркәсіптегі келісімшарттарды ашуға қоғамдық қажеттілікті қалыптастыру» жобасы аясындағы бұл шара Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын қамтымақ. Ол Сорос-Қазақстан қорының «Мемлекеттік қаржының айқындығы» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Жоба аясында жұртшылықтан, мемлекеттік органдар мен өнііруші компаниялар арасында сауалнама және ақпараттық науқан жүргізіледі. Зерттеу қорытындылары Астанада заңгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам мен өндіруші компаниялардың өкілдері қатысатын дөңгелек үстел жиынында талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар