Үкіметтік емес ұйымдарды стандарттау қажет - Қазақстан азаматтық альянсының президенті

АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Елімізде 27 мың үкіметтік емес ұйым бар деген сөз шындыққа сай келмейді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласындағы VIII Азаматтық форумда айтылды.
None
None

«Статистикалық агенттіктің деректеріне қарағанда елімізде 27 мың үкіметтік емес ұйым бар екен. Алайда бұл - миф. Ол 1200-1300-дей болуы мүмкін. Бір кездері 1 күндік үкіметтік емес ұйымдарды құрып, оны бизнеске айналдырғандар болды. Әкімдердің, әсіресе аймақтарда сүйікті үкіметтік емес ұйымдары қалыптасты. Уақыт бәрін өз орнына қойды», - дейді «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов.

Әкімдердің үкіметтік емес ұйымдармен жұмысының рейтингін жасауды ұсынған Н. Кенжебекұлының айтуынша, үкіметтік емес ұйымдарды стандарттау керек. Білім, денсаулық сақтау сияқты әр түрлі салалардың өз стандарттары бар. Сол сияқты үкіметтік емес ұйымдарды да жан басына қарай құру керек шығар. Сонымен бірге олардың жұмысын бағалауда да жаңа өлшемдер қажет. Оны ақылдасып шешу керек.

Соңғы жаңалықтар