Үкіметтің 2008 жылғы қызметі: кәсіпкерлікті дамыту

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – 2008 жылғы Үкіметтің қызметіндегі басты басымдықтар қандай болды? Осы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші қандай? ҚазАқпарат оқырмандардың назарына еліміздегі кәсіпкерлік дамудың жағдайы туралы ақпараттық-анықтамалық материалды ұсынады.
None
None
Кәсіпкерлікті дамытуАғымдағы жылы Үкіметтің жұмысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі жоспарлы жұмысқа арналды. Әкімшілік кедергілерді азайтуға және еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған Үкіметтің 13 қаулысы мен бірқатар ведомствоішілік актілер қабылданды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның халықаралық рейтингтері көтеріліп келеді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің елдегі бизнестің оңай жүргізілу жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша («Doing Business») Қазақстан алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 орынға көтеріліп, 181 елдің ішінде 70-ші орын алып отыр. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларға мониторинг жүргізілуде. 2007 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап бүгінгі күнгі жағдай бойынша шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалған қаржының жалпы сомасы 214,8 миллиард теңгені құрап отыр, оның ішінде 126,8 миллиард теңге - республикалық бюджеттен бөлінсе, 10 миллиард теңге - «Даму» Қоры» акционерлік қоғамының өз қаражаты есебінен, 28 миллиард теңге - жергілікті атқарушы органдар есебінен, ал 50 миллиард теңге екінші деңгейлі банктерден қосымша бөлініп отыр. Шағын және орта бизнестерді қаржылай қолдау амалы субъектілерді әрі қарай несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге қаржыны орналастыру және «Даму» Қоры» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдармен тең қаржыландыру жолымен төмендегі сызбанұсқа бойынша жүзеге асырылады: 1. Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың тұрақтандырушы бағдарламасының бірінші траншы - «Даму» қоры- екінші деңгейлі банктер Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 48,8 миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша нақты заемшылар үшін жылдық ставка нарықтық ставкадан жоғары болмауы тиіс. Қаржыны игеру мерзімі ? 3 ай, жеңілдік берілетін кезең ? 2 ай. Екінші деңгейлі банктер игерген қаржының жалпы көлемі, үлестіру көрсеткішін ескергенде, 51,3 миллиард теңгені құрады. Осы сомаға 2238 жоба қаржыландырылды, ондағы несиенің орта сомасы 23 миллиард теңгені құрап, орташа салмақты ставка - 17,7 пайызды, ал оңтайлы ставка 20,2 пайызды құрады. 2. Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың тұрақтандырушы бағдарламасының екінші траншы - «Даму» қоры ? екінші деңгейлі банктерБұл жобаны жүзеге асыруға мемлекет екінші деңгейлі банктермен бірлесіп 100 миллиард теңге бөлді. 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша бұл қаржы есебінген 59,6 миллиард теңге сомаға (59,6 пайыз) 1830 жоба қаржыландырылды.3. «Даму» қоры мен жергілікті арқарушы органдардың қатысуымен аймақтардағы шағын және орта бизнестерді тең қаржыландыру бағдарламасы. Жалпы қоржыны 56 миллиард теңгені құрайтын бұл бағдарлама бойынша «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың тең қатысуымен, 28 миллиард теңгелік тең үлеспен, аймақтарда шағын және орта бизнес жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылған. «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының, кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріле отырып, бұл бағдарлама бойынша нақты заемшылар үшін сыйақы ставкасы 14 пайыздан 12,5 пайызға төмендетілді. 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша банктер 5 миллиард теңге сомаға (56 миллиард теңгенің 8,9 пайызы) 258 жобаны несиелендіріп отыр.Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Әлеуметтік-экономикалық дамудың орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: - 50/50 бағдарламасы бойынша «Даму» қорының қаражаты мен банктердің өз қаражаттарын екінші деңгейлі банктердің игеру мерзімі 6 айдан 4 айға дейін қысқарды, 2008 жылғы желтоқсанның 25-іне дейін; - мемлекеттік қаржыландырудың барлық бағдарламасы бойынша қаржыны бастапқы орналастыру кезінде шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары бойынша берілген бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыруға салынған шектеулер алып тасталды; - барлық бағдарламалар бойынша қаражатты бастапқы орналастыру кезінде заемшылардың айналым қаржыларын екінші деңгейдегі банктердің қаржыландыруына салынған шектеулер алып тасталды; - Шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша бір заемшыны қаржыландыру лимиті 3 миллион доллардан 5 миллион долларға арттырылды; - 28/28 бағдарламасы бойынша сыйақы ставкалары 14 пайыздан 12,5 пайызға дейін төмендетілді; - барлық бағдарламалар бойынша нақты заемшыларға арналған несиелер бойынша оңтайлы ставка 12,5 пайызбен шектелді. Оның үстіне, жаңа қаржы бағдарламаларын жүзеге асыруға «ҚазАгро» акционерлік қоғамы мен «ФФПСХ» акционерлік қоғамы тартылды, бұл бастамалар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде селолық кәсіпкерлікке нақты қолдау болатыны анық.Бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту мен рұқсатнама жүйесін оңтайландыруды, ең алдымен лицензиялау, сертификаттау, аккредитациялау амалдарын оңтайландыруды қарастырған рұқсатнама жүйесі жетілдірілді. Рұқсатнама жүйесі саласындағы әлемдік тәжірибелер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында Рұқсатнама жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы талдап жасалды. Осы орайда 2009 жылдан бастап бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік актілерді қайта қарау жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде реттеу іс-қимылдары мен рұқсатнама құжаттар екі есеге қысқартылмақ.Аталған Тұжырымдама аясында рұқсатнама құжаттарды беру бағытында бірқатар мемлекеттік органдармен келісу жүйесінен бас тарту, лицензиялаудың типтік ережелерін бекіту, рұқсатнама құжаттарын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша тапсыру және Интернет арқылы хабарлама жіберу, сондай-ақ аталған құжаттарды беру турасында стандарттар пен регламенттер әзірлеу мәселелері қамтылмақ.Бизнес ортаны жақсарту (BEI), сауда-саттық пен кеден реформасын ырықтандыру (RTLC) және Қазақстанның «Doing business» 2008-2010 жылдардағы рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі USAID жобалары мен ҚР Үкіметінің бірлескен іс-қимылдарының жоспары әзірленді. Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингіндегі Қзақстанның позициясын жақсарту аясында нормативтік құқықтық актілерді реттеу жөніндегі жоспардың кестесі талдап жасалды. Қаржылық есеп-қисапты жетілдіру аясында Қаржылық есептің халықаралық стандарттарын (МСФО) оңтайлы енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 2007 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» Заңның жаңа редакциясы қабылданды, бұл құжатқа сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері мен бұқаралық мүдделі ұйымдар қаржылық есептерін халықаралық стандарттарға сәйкес толтыруға міндетті болып отыр. Басқа жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен бұқаралық мүдделі ұйымдардан басқа) өз есеп-қисаптарын халықаралық стандарт негізінде әзірленген ұлттық стандартқа сәйкес жүргізеді. Халықаралық стандартты мемлекеттік тілге аудару және ресми жариялау бойынша жұмыс атқарылуда. Мемлекеттік органдар мамандарының құзырлық және кәсібилік деңгейлерін арттыру үшін 2007 жылы Қаржы жүйесі органдары мамандарын дайындау, қайта дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру орталығы» АҚ құрылып, ол орталық мемлекеттік орган қызметкерлері үшін халықаралық стандарт бойынша курстар жүргізуде. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға түзетулер енгізілді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды арттыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, түзетулер бойынша, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық холдингтер мен олармен аффилиерленген заңды тұлғалар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның үйлестіру аясынан шығарылды. Бұл жаңалық аталған компанияларға Заңда қарастырылған амалдар мен шектеулерсіз, тапсырыстарды бірінші кезекте отандық өндірістерге орналастыруға мүмкіндік береді. Конкурстық бағалық ұсынымға әсер ететін көрсеткіштер толықтырылды, отандық әлеуетті жеткізілімшіні таңдау басымдығы үшін қазақстандық мазмұнның болу көрсеткіші нақтыланды. Бірдей шартты баға ұсынылған жағдайда отандық жеткізілімшілерге басымдық беру туралы шарт қарастырылуда. Уәкілетті органның веб-порталында - www.goszakup.kz ? электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесі туралы толыққанды мәліметтер алуға болады, сайтқа сондай-ақ Мемлекеттік сатып алулардың, келісімшарт реестрлерінің, тапсырыс берушілердің, жеткізілімшілер бюллетенінің электрондық басылымы да шығып отырады. Ал 2008 жылғы сәуірдің 1-інен бастап электрондық сатып алулар жүйесі аясында «Баға ұсыныстарына сауал салу» модулі іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар