13:21, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкіметтің 2008 жылғы қызметі: кеден саясаты мен әкімшілік реформа
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат Үкіметтің кедендік саясаты мен әкімшілік реформаларды жүргізу қызметі бойынша ақпараттық-анықтамалық материалды оқырмандар назарына ұсынады.
Кедендік саясат
2008 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кедендік органдар бюджетке 850,7 миллиард теңгенің кедендік төлемдері мен салықтар түсімін қамтамасыз етті, 2007 жылмен салыстырғанда 275,2 миллиард теңгеге немесе 47,8 пайызға артық ақша аударылды. 2008 жылы қосымша құн салығы ставкасының 14 пайыздан 13 пайызға төмендегенін ескерсек, 2007 жылмен салыстырғанда, өсім 316,4 миллиард теңге немесе 59,2 пайыз деңгейінде анықталып отыр. Кедендік бақылауды жетілдіру және кедендік амалдарды оңтайландыру, электрондық құжаттар айналымын, бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу амалдарын оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Тауарлар мен жүктерді кедендік ресімдеу технологиясын жетілдіру, кедендік амалдардан өтудің тиімділігін арттыру мақсатында, қолданыстағы үшсатылы кедендік ресімдеу амалының орнына бірсатылы ресімдеуге ауысу жүзеге асырылды. Бұл бастама кедендік декларацияларды беру және тіркеу жұмысын «бір терезе» жүйесі бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Қытай тауарларының көлеңкелі айналымын азайту және заңды құрметтейтін азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында 1 килә жүк үшін 0,6 еуро кедендік көлемнің арнаулы ставкасы енгізілді және тауарларға ілесе жүретін құжаттар үшін сейф-пакеттер қолданылуда. Кәсіпкерлерді тексерудің барлық түрлерін қысқарту мақсатында құқықбұзушылықтарды ескерту және алдын алу тетіктері жасалды, бұл бастама сонымен бірге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы адал кәсіпкерлердің санын арттырады, себебі заңды бұзу олар үшін тиімді болмай қалады. «Doing business» рейтингінде «халықаралық сауда» көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту үшін кедендік құжаттарды ресімдеудің мерзімін және сатыларын 3-тен 1-ге дейін кезең-кезеңмен қысқарту жоспарлануда. Бұл да кәсіпкерлерідң уақыттары мен қаржыларын үнемдері анық. Шекарада сондай-ақ ықпалдасқан бақылау енгізіліп отыр, 2009 жылы қаңтардың 1-інен бастап фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметтері кеден қызметіне беріліп, өткізу бекеттерінің құзырына тек екі бақылаушы міндет қана қалады. Бұл шара тауарлар мен көлік құралдарының кеден арқылы өтуін оңайлату және жеделдету, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу бекеттерінің қызметтерін оңтайландыру, бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының тарапынан қандай да бір әуре-сарсаңға салу құбылыстарын болдырмау мақсатында қабылданды. Осыған байланысты шекараларды қашықтан мониторингтеу және кешенді басқару үшін Астанадағы Комитеттің Жедел басқару орталығының қызмет аясы кеңейтіліп, орталықта барлық мүдделі бақылаушы және құқыққорғаушы органдар үшін жұмыс орындары жасалды. Инфляцияның өсуіне жол бермеу жөніндегі бірқатар пәрменді шаралар қабылдау үшін төмендегі шаралар жүзеге асырылуда: 1. ішкі рынокты азық-түлік өнімдерімен, көкөніс-жемістермен және халық тұтынатын тауарлармен қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ аталған тауарлардың бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін кеден органдары апта сайын республикалық және облыстық басылымдарда бөлшек бағалармен салыстыра отырып, аталған тауарлар топтарындағы орташа импорттық бағалар туралы жедел ақпараттар орналастырып тұрады. 2. Импорттық тауарларға, негізінен азық-түлік өнімдерінің өз бағаларын қою үшін, Өзбекстан және Қырғызстан кедендік қызметтерімен (көкөніс пен жемістің негізгі жеткізілімшілері) жекелеген тауарлардың орташа бағалары туралы өзара мәліметтер беріп отырудың келісімдері жасалған. 3. Базардағы бағаларға мониторинг жүргізу мақсатында және тиісті шаралар қабылдаулары үшін облыс әкімдіктерінің, Астана мен Алматы әкімдіктерінің, Индустрия және сауда министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына ай сайын азық-түлік өнімдерінің импорты бойынша баға мәліметтері жолданып отырады.
Әкімшілік реформа Әкімшілік реформа жүргізу аясында қоршаған ортаны орғау, төтенше жағдайларды ескерту және олардың салдарын жою, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы саласындағы мемлекеттік басқармалардың деңгейлері арасында өкілеттіктер бөлінді. Осылайша, 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап: 1) Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нысандарға II, III және IV санаттағы қоршаған ортаны қорғау эмиссияларын жүзеге асыруға экологиялық рұқсатнамалар беру, сондай-ақ II, III санаттағы нысандарға экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтері жергілікті атқарушы органдарға беріледі. 2) судағы құтқару қызметтері жергілікті атқарушы органдарының құзырынан Төтенше жағдайлар министрлігіне беріледі; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы барлық қызметтері жергілікті атқарушы органның құзырынан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріне берілуде, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің вертикалдық жүйесі қайта қалпына келтіріледі. 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап жергілікті атқарушы органдардың халықты және ұйымдарды қауіпсіздік туралы, төтенше жағдайлардың ескерту және олардың салдарын жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету жөніндегі қызметі Төтенше жағдайлар министрлігінің құзырына беріледі. Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттікті бөлісу аясында функциялардың өзгеруі бойынша атқарылған іс-шараларға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штаттық сан лимиттері нақтыланды. Орталық мемлекеттік органдардың штаттық саны мен құрылымын оңтайландыру мақсатында:
- орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімдерінің атаулары бірегейлендірілді;
- жекелеген орталық атқарушы органдардың әрқайсысының жалпы лимиті бір жолмен көрсетіліп, мемлекеттік мекемелердің тек саны ғана ашып көрсетілді. Жергілікті мемлекеттік басқармалардың типтік құрылымы мен жергілікті атқарушы органдардың штаттық бірліктері бойынша:
- жергілікті атқарушы органдардың атаулары бірегейлендірілді;
- жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдер санының (департаменттер, басқармалар, бөлімшелер) нормативтері алып тасталынды;
- ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысы әкімі аппаратының штаттық саны 5 штаттық бірлікке көбейтілді;
- облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне атқарушы органдарда белгіленген штаттық лимит шегінде 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ішкі бақылау қызметін құруды қамтамасыз ету міндеттелді;
- штат саны 400 мың адамнан асатын облыстарда, халық саны 250 мыңнан асатын аудандарда басқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында аудан мен облыстық маңыздағы қалалардың әкімдерінің орынбасарларының саны туралы нормативтер өзгертілді. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақы жүйесі санаттар бойынша Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымының жаңа реестріне сәйкестендіріліп отыр. Лауазымдық айлықтарды есептеу үшін қолданылатын сәйкес қолданыстағы коэффициентер сақталып, лауазымдардың жекелеген санаттары бойынша жалақы жүйесінің үшсатылы және төртсатылы сызбасы енгізілді.
Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарыӨткен жылдың күзінде әлемдік қаржы дағдарысының ушығуына байланысты және Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен бірлесіп Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Жоспардың мақсаты мен бағытына келер болсақ, шикізат ресурстарына әлемдік бағаның құлдырауы әсерінен және капиталдың сыртқы рыногына қол жеткізудің болмауына байланысты Қазақстан экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз. Экономиканың ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы қарашаның 1-інде 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ІЖӨ-нің 1,5 пайызынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ІЖӨ-нің 2 пайызынан аспайды.Үкімет қалыптасқан жағдайды экономиканы сауықтыруға және оның болашақта тиімді жұмыс істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді.Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады.1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Олар мыналарға бағытталатын болады:1) қаржы секторын тұрақтандыруға ? 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);
2) тұрғын үй секторын дамытуға ? 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);
3) шағын және орта бизнесті қолдауға ? 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);
4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ? 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);
5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ? 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, ?Самұрық-Қазына? ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі ? ?Самұрық-Қазына? қоры) және ?ҚазАгро? ұлттық холдингі (бұдан әрі ? ?ҚазАгро? холдингі) осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып ?Самұрық-Қазына? қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет ?Самұрық-Қазына? қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.?Самұрық-Қазына? қоры мен ?ҚазАгро? холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк ? жағымды ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандырылатын болады.Үкімет пен Ұлттық Банк төлем балансының және валюта бағамының жағдайын бақылайтын болады.
Экономикада жинақталған салалық теңгерімсіздіктердің ішкі және сыртқы өзгеруші жағдайларын ескере отырып, Үкімет 2009 жылы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлейді. Ол:экономиканың сыртқы сынақтарға төзімділігін арттыруды;
елде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін құрылымдық реформалар жүргізуді;
инфрақұрылымды жаңғыртуды;
адами капиталды дамытуды;
экспортты, бірінші кезекте, агроөнеркәсіптік секторды дамыту есебінен жедел әртараптандыруды;
мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруды;
елдің сыртқы борышын тиімді басқаруды ескере отырып, таяудағы он жылға арналған нақты басымдықтар мен даму индикаторларын белгілейді:
Бұл нәтижелерге бағдарланған жоспарлаудың жаңа қағидаттарын ескеретін елдің бірінші ұлттық стратегиялық даму бағдарламасы болады.