19:18, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкіметтің 2008 жылғы қызметі: өнеркәсіпті дамыту
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – 2008 жылы Үкімет қызметінің басты басымдықтары қандай болды? Осы кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қандай? ҚазАқпарат оқырмандар назарына өнеркәсіп саласы туралы ақпараттық-анықтамалық материалды ұсынады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Өндірістің дамуыКен-металлургия кешені. 2008 жылы Теміртау қаласында сортты прокат өндірісі іске қосылды. Кен-металлургия өнеркәсібі бойынша жиырмадан астам жоба серпінді жобалардың қатарына енгізілді.Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша Үкімет, облыс әкімдіктері және кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ірі кен-металлургия кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға бастамашылық жасалды. Химия өнеркәсібін дамыту мақсатында «Жол картасы» ауқымында химиялық өнеркәсіптегі инвестициялық жобалар бойынша іс-қимыл жоспары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасы жасалды.Индустриялық инфрақұрылымды дамыту Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында 6 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Ақтау теңіз айлағы», «Астана ? жаңа қала», «Ақпараттық технологиялар паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай».«Астана ? жаңа қала» АЭА қызмет істей бастаған кезден бері 863,9 млрд. теңге қаржы тартылды. Бүгінде 136 нысан, соның ішінде 2008 жылы ? 14 нысан іске қосылды, 108 нысанда жұмыс жалғасуда. «Ақтау теңіз айлағы» АЭА аумағындағы жүзеге асырылып жатқан инвестициялар көлемі 9,3 млрд. теңгені құрайды. 45 млрд.теңгенің өнімдері шығарылды. 1163-тен астам жұмыс орны ашылды. АЭА аумағында теңіз метал құрастырмалары, әйнекталшықты құбырлар және мұнай құбырларын шығару зауыттары жобалары іске асырылды, 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-да 29 жоба жүзеге асырылуда, 270 жұмыс орны ашылды.
\
«Оңтүстік» АЭА-ға республикалық бюджеттен 5 781 млн. теңге бөлінді. Инфрақұрылымдар салу: темір жол, элтекр тарату желісі, су құбыры, газ құбыры тартылуда. «Мақта өндірісі-целлюлоза» ЖШС, «Ютекс-KZ» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Есенжол-Назар» ЖШС, «Орта Азия Текстиль Санаи» ЖШС жобаларын іске асыру басталды. 400 жұмыс орны ашылды. 2009 жылдың соңына дейін 2 мыңға тарта жұмыс орындары ашылдаы. «Бурабай» АЭА тиімді жасауы үшін нормативтік-құқықтық база жасалды, 62 424 мың теңге қаржы бөлінді, инвестициялық жобалар қолға алынуда.«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ын құру және одан әрі дамыту үшін республикалық бюджеттен 31 936 мың теңге қаржы бөлінді.Астана және Теміртау қалаларында индустриялық аймақтар құрылды. Геология мен жер қойнауын пайдалану саласында 2 алтын кеніші, темір рудалары, мыс, молибден, алтын кешенді кендері табылды. Кеніштер Жітіқара кен рудалары аймағында, Оңтүстік Қазақстанда, Маңғыстауда орналасқан. Қазақстанның 197 ауылдық елді мекендерін қамтамасыз ету үшін жер асты су көздерін анықтау жұмыстары аяқталып келеді. Мұнай саласы. 2008 жылғы болжам бойынша республикада мұнай мен газ конденсатын өндіру 70000,0 мың тоннаны құрайды. Бұрынғы жылдардағыдай жұмыс істеп жатқан ірі жобалар ? Қарашығанақ және Теңіз кеніштері. Алдын ала ақпарат бойынша шикі мұнайды өндіру? 13 394мың тонна (111,3 %);
Мұнай өнімдерін өндіру:
Бензин ? 2 860,1 мың. тонна (108,9 %);
Авиакеросин ? 355,7 мың. тонна (137,4 %);
Дизель отыны ? 3947,8 мың. тонна (100,7 %);
Мазут ? 2690,1 мың. тонна (104,5 %).
2008 жылғы ҚР мұнай экспорты 62403,0 тыс. Тоннаны құрайды, (102,8 %).Құрманғазы, Түпқараған, Аташ, Оңтүстік Жамбай ? Оңтүстік Забурын, Жемчужина теңіз жобаларында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде.Қазақстандық Каспий Тасымалдау Жүйесі;
Ескене-Құрық мұнай құбыры;
Транскаспий жобасы жүзеге асырылуда. Газ саласы. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республиканың мұнай-газ өндіру компаниялары 33 177,7 млн. текше метр (111,9%) газ өндірді. Газ өндіруде негізгі өсімді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.», «Теңізшевройл» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Толқынмұнайгаз» ЖШС қамтамасыз етуде.«Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысы басталды. «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асыру жалғастырылуда.Электр энергетикасы. 2008 жылы «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» электр тарату желісі және «Солтүстік-Қазақстанның оңтүстігі» электр тарату транзитінің екінші желісі, «Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-і-Шу» бірінші телімі пайдалануға берілді. Көмір өнеркәсібі. Көмір өндіруші кәсіпорындар 2008 жылы алдын ала есептер бойынша 105,0 млн. тонна көмір өндірді (111,2 %). 2008 жылы көмір өнеркәсібін халықаралық стандарттарға көшіру бағдарламасы бойынша 18 мемлекеттік стандарт бекітілді. Атом өнеркәсібі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында 2008 жылы 8500,5 тонна немесе 2007 жылмен салыстырғанда 128% уран өндірілді. 2008 жылы серпінді жоба аясында Өскемен металлургия зауытында аса жоғары сыйымды тантал ұнтағын өндіру зауыты ашылды. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы уран өндіретін кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр желілері мен кіші стансылар құрылысы аяқталды.Мұнай-химия өнеркәсібі. Бүгінті таңда «ҚазМұнайГаз», ҰК» АҚ мен «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ және басқа да мұнай химия кәсіпорындары бірлесе отырып өзара байланысты әлемдік деңгейдегі бірнеше мұнай химия өндірістерн инвестициялық жобаларын жасап жүзеге асыруға әзірледі:
- бірінші ықпалдасқан мұнай-химия кешені;
- хош иісті көмірсутектерін өндіру кешені;
- Қазақстанда жол битумдары өндірісі.