15:02, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкіметтің 2008 жылғы қызметі: тұрғын үй құрылысы
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Үкіметтің 2008 жылғы қызметінің басты басымдықтары қандай болды? Бұл кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қандай? ҚазАқпарат сіздердің назарларыңызға тұрғын үй құрылысы саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалды ұсынады.
Тұрғын үй саласында2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында барлық қаржыландыру көздері бойынша жалпы көлемі 5,8 млн. шаршыметр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл 2007 жылдың 11 айының 102,4 пайызын құрайды.Тұрғын үй құрылысының қарқынында ұлғаю жағына қарай өсу үрдісі байқалады. Айталық, 2008 жылдың жеті айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 92 пайыз, 8 айда - 93%, 9 айда - 96%, 10 айда ? 101,7% болды.Жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы үшін әкімдіктерге 7,7 млрд.теңге аударылды, оның 7,5 миллиарды немесе 98%-ы игерілді.Бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысына Астана қаласының әкімдігіне 6,4 млрд.теңге аударылды, бұл қаржы толық игерілді.Салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлері үшін әкімдіктерге 7,7 млрд. теңге аударылды, оның 6,4 млрд. теңгесі немесе 84%-ы игерілді, ал 5 аймақ аударылған қаражаттарды толық игерді (Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда облыстары және Алматы қаласы). 2008 жылы жергілікті атқару органдарына берілген несиелерді қайталап игеру республика бойынша тұтастай алғанда 66 пайызды құрайды. Осы қаражаттар есебінен пайдалануға 383,6 мың шаршыметр несиелік үйлер берілді немесе жыл бойынша көзделген 344,4 мың шаршы метр 111 пайызға орындалды. Тұрғын үй аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңартуға және дамытуға әкімдіктерге 34,1 млрд. теңге аударылды, оның 32,3 млрд. теңгесі игерілді немесе 95%. Бұның ішінде 6 аймақ аударылған қаражаттарды толық игерді (Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары).Бүгінгі қаржы секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына мынадай өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге қаулы қабылданды.Бірінші. Мемлекеттің міндеттемесі бар азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін көбейту мақсатында 15 млрд. теңгені жалға берілетін тұрғын үй құрылысы көлемін арттыруға бағыттау ұсынылады.Бұл 3000 жалға берілетін пәтерлерді (250,8 мың шаршы метр) қосымша пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Жалпы іске қосылатын жалға берілетін тұрғын үй 730,6 мың шаршыметрге немесе 8900 пәтерге жетеді (қажеттіліктің 12 пайызы). Бүгінде әкімдіктерде тұрғын үй алуға 73,5 мың отбасы (азаматтар) кезекте тұр, соның ішінде 47,7 мыңы ? халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері және 25,8 мыңы ? мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлері.Қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламада олар үшін 5900 пәтер (479,8 мың шаршыметр) немесе қажеттіліктің 8 пайызын салу көзделген.Қаражаттарды ішкі қайта бөлу есебінен бұл мақсаттарға қажетті 15 млрд.теңге босады. Сөйтіп, 3 жылға ӘКК жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 30 млрд. теңге көзделді, оның 15 млрд. теңгесі 2008 жылға белгіленіп отыр. Қалған 15 млрд. теңгені жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін арттыруға бағыттау ұсынылады. Бірақ та 2008 жылғы бюджетке түзету жасалмайды. ӘКК жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген 15 млрд. теңгенің 6,3 млрд. теңгесі «Нұрлы көш» бағдарламасы қатысушылары үшін тұрғын үй салуға және сатып алуға, сондай-ақ оралмандар қоныстандырылатын ауданда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды салуға және жаңартуға бағытталатын болады.Екінші. Мемлекеттік бағдарлама ауқымында әкімдіктер республикалық бюджет есебінен жалға берілетін және несиелік тұрғын үй салуды жүзеге асырады. Сонымен бірге бірқатар аймақтарда жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үйлер бар. Бұл үйлердегі пәтерлердің белгілі бір бөлігін немесе түгел үйлерді банк секторындағы қалыптасқан жағдайларға байланысты халық ала алмай отыр. Мемлекеттік бағдарлама ауқымында әкімдіктерге жалға берілетін және несиелік үйлер салумен қатар, оны жеке үй салушылардан сатып алуға рұқсат етіліп отыр. Үшінші. Жалға берілетін және несиелік тұрғын үйдің 1 шаршыметр құрылысына баға бойынша шектеулер жойылды. Мұнымен қатар, несиелік тұрғын үйді өткізу құны өзгерген жоқ ? 1 шаршы метріне 56515 теңге.Әкімдіктерге жалға берілетін және несиелік тұрғын үйді Статистика агенттігі белгілеген аймақтағы тұрғын үй құрылысының қалыптасқан орташа құнымен салуға, ал құрылыс құны мен өткізу құнының арасындағы айырманы жергілікті бюджет есебінен жабуға рұқсат етілді.Төртінші. 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы Мемлекеттік бағдарлама ауқымында салынған пәтерлерді сатып алушыларға Тұрғын үй жинақ банкі арқылы жеңілдікпен несиелеу жүзеге асырылады.Бұл жағдайда басымдықты санаттағы азаматтар алудан бас тартқан пәтерлерді ҚР-ның барлық азаматтарына және өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға нарықтық құнымен аукциондар өткізу арқылы өткізіледі.Бесінші. Несиелік тұрғын үйлердің ең үлкен жалпы көлемі 80 шаршыметрден 120 шаршыметрге дейін ұлғайтылды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру ауқымында «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығы және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының арасында тұрғын үй және ипотекалық несиелеу нысандарының құрылысын аяқтауға екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру жөнінде ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Үлескерлерді қолдау үшін Үкімет үлескерлік құрылысты бюджеттік қаржыландыру бойынша бірқатар кешенді шараларды қолға алды:- екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық зайымдар бойынша талаптардың құқықтарын сатып алу үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қоры республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңгеге ұлғайтылды, оның 9,4 млрд. теңгесі игерілді. - «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ қорлары 1025 млн. теңгеге ұлғайтылды, бұл қабылданған кепілдіктер көлемін 20 млрд. теңгеге қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бөлінген қаражаттар толық игерілді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры үшін 95 млрд. теңге бөлінді, оның 48,8 теңгесі - Астана қаласы және 46,2 млрд теңгесі - Алматы қаласы үшін.Оның 63,7 млрд. теңгесін екінші деңгейдегі банктер құрылыс салушылар үшін бөлді:- Астана қаласының 37 нысаны үшін ? 40,7 млрд. теңге, 40,1 млрд. теңге игерілді. Бұл 12343 үлескердің құқығын қорғауға мүмкіндік береді.
- Алматы қаласының 17 нысаны үшін ? 22,9 млрд. теңге, 22,6 млрд. теңгесі игерілді. Бұл 2899 үлескердің құқығын қорғауға мүмкіндік береді.Қалған қаражаттар қаржының игерілуіне және несиелік келісімдердің рәсімделуіне қарай аударылатын болады. Бүгінгі таңда Астана қаласында 7 нысан (1899 үлескер), Алматы қаласы бойынша ? 3 тұрғын үй кешені (414 үлескер) пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін Астана қаласында 11 нысанның құрылысын аяқтап, 2515 үлескердің проблемасын шешу және Алматы қаласы бойынша 687 үлескерімен 7 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс салушылар дербес үлескерлік құрылысының 65 нысанын салуды (10099 үлескер) жалғастыруда, олардың 17-сінің құрылысын ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр, сөйтіп, 2885 үлескердің проблемасы шешілмек.Астана қаласына үлескерлік құрылыс нысандарынан 6 мың пәтер сатып алу үшін 41 млрд. теңге, соның ішінде 2008 жылы ? 21,5 млрд. теңге бөлінді, оның 18 млрд. теңгесі игерілді. 46 нысаннан (6014 үлескер) 6203 пәтер сатып алуға шарт жасалды, оның ағымдағы жылдың соңына дейін 8 нысаны пайдалануға беріледі, құрылысқа 934 үлескер қатысуда. Осы қаулының ауқымында ұлттық компаниялардың 2 мың пәтерді сатып алуы бойынша жұмыс жүргізілуде. Проблемалық нысандар құрылысын аяқтау үшін Үкімет резервінен Астана қаласына 17,2 млрд. теңге, Алматы қаласына ? 10 млрд. теңге бөлінді. Астана қаласының проблемалық нысандары бойынша адал емес құрылыс салушылардан мүлігін талап еткен және Тұрғын үй кооперативтеріне беру туралы сотқа 19 талап-шағым бойынша сот шешімімен үлескерлерге шығынның орнын толтыру ретінде үлестік құрылыс бойынша аяқталмаған барлық нысандардың құқықтары берілді.
Үлескерлік құрылыстарды қолдау есебінен 2008 жылдың аяғына дейін тағы да 3 мыңға жуық үлескер пәтер алады, қалған 38 мыңы ? 2009 жылы алады. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді көздейді. «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заң 2007 жылғы қаңтардың 1-інен күшіне енді. Үлескерлерді қорғау деңгейін күшейту мақсатында Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы ауқымында оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар пысықталуда, онда үлескерлерді қорғау дәрежесі санын 16-дан 21-ге дейін көбейту көзделіп отыр.Қолданыстағы Заң өзінің негізгі мақсатын орындады ? үлескерлік құрылысқа қуаты шағын, қаржылық қамсыздандырылмаған және тиісті материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз құрылыс компанияларының қатысу мүмкіндігінің жолын кесті. Заң күшіне енген сәттен бері (2007 жылғы қаңтардың 1-інен бері) әкімдіктер үлестік құрылысқа әлеуетті қатысушы ? барлық 4,5 мың құрылыс компанияларының 159-ына ғана біржолғы лицензиялар берді. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру ауқымында құрылыс материалдарын: қыш кірпіш, жылу сақтау материалдары, қабырғалық блоктар, сортты металл прокатын, темір-құйматас өнімдерін, рудалық емес материалдар, қабырғалық және жабын материалдарын шығаратын 12 жаңа өндірістік қуаттар пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс индустриясының 16 жаңа кәсіпорыны пайдалануға беріледі.2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару 288,04 млрд. теңгені құрады. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикаға құрылыс материалдарын импорттау 1,33 млрд. АҚШ долларын құрады.Құрылыс материалдары өндірісін дамытуға бағытталған тартылған инвестициялар көлемі 72,8 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық база 1729 құжатты құрайды, соның ішінде 460 бірлігі ? баға белгілеу және смета бойынша нормативтік құжаттар.