Үкіметтің қазіргі қауқарымен жұмыспен қамту бағдарламасын 100 жыл іске асыруға болады - депутат В. Косарев

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет пен атқарушы билік бүгінгідей жұмыс істей берсе, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы, кем дегенде, 100 жылда іске асады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев осылай айтты.
None
None

«Өкінішке қарай бүгінгі таңда Президенттің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бастамасы нашар іске асырылып жатыр деуге болады. Өткен жылы қолға алынған бағдарлама аясында өзін-өзі еңбекпен қамтып жүрген азаматтардың тек 25 мыңы ғана жұмысқа орналасты. Бұл - 2,5 млн. халықтың тек 1 пайызы ғана. Үкімет пен атқарушы билік дәл осылай жұмыспен қамту мәселесін шешетін болса, біз бұл бағдарламаны, кем дегенде 100 жыл іске асырамыз. Олай болғаны дұрыс емес. Қазіргі кезде әрбір шенеуніктің жеке жауапкершілігін күшейту керек»,-деп атап көрсетті В. Косарев.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның коммунистік халықтық партиясына 100 мыңдай адам кіреді. Оның атынан Парламент Мәжілісіне 7 депутат сайланған.

Соңғы жаңалықтар