18:24, 19 Қаңтар 2021 | GMT +5
Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминді қабылдады.
Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.
Сондай-ақ осы басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты.
Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.