Үкіметтің кезек күттірмейтін қажеттіліктер мен ТЖ-ға арналған резерві жаратылған жоқ - Қаржы министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл төтенше шығыстарға қарастырылған Үкіметтің резервтік қаржысы қажет болмады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Егер де өткен жылы республикалық бюджет бойынша бюджет қаржысының игерілмеуі 40 млрд. теңгеге жуық болса, биыл бюджеттің игерілмеуі 15-тен 20 млрд. теңгеге дейін құрайды. Бұл игерілмеген қаржының ішінде негізгі ірі сомасы Үкіметтің кезек күттірмейтін қажеттіліктер мен төтенше жағдайларға арналған резерві,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бюджет заңнамасына сәйкес, бұл қаржының игерілмеуіне жатпайды.

Сонымен қатар Б. Сұлтанов биыл бюджеттің орындалуының көрсеткіші 100 пайызға жақын екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың қалған төрт күнінде Қаржы министрлігі 161 млрд. теңгенің бюджеттік операцияларын жүргізуі тиіс. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден үш есе кем. Жалпы 2015 жылы 7 трлн. теңгеден астам қаржы игерілді.

Соңғы жаңалықтар