ҰҚК Ербол Махметовтің ұсталғанын хабарлады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты Kazinform агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдаған болатын.
ҰҚК агенттіктің сауалын қарастырғанын хабарлады.
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген ведомствоның жауабында.
Айта кетейік, Шымкентте көші-қон қызметінің бұрынғы бастығына сот үкімі шықты.