15:38, 22 Сәуір 2025 | GMT +5
ҰҚК қызметкерінің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала берілген деректер бойынша 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен.
Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қаласындағы тұрғын үй кешені ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылғаны туралы жазған едік.