ҰҚК Шекара қызметі офицерлерінің алғашқы тобы Ауғанстандағы миссиясын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар мінген ұшақ 8 маусым күні сағат 21:00 шамасында Алматыға қонды. Аэродром алаңында шекарашы-офицерлердің алғашқы тобын Шекара қызметінің басшылары ғана емес, қызметтестері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қарсы алды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Офицерлердің екінші тобы 6 маусымда Кабулға аттанып кетті.

 «Біздің алдымызға қойылған міндеттер орындалды, - деп атап өтті 2456-шы әскери бөлімнің офицері, капитан Ербол Ахметов. - Келген алғашқы күн Кабулда бізді «салютпен» қарсы алды, - жарылыстар, атыс... Біз бірден іске кірісіп кеттік. Мұндай оқиғалар күнделікті болып тұрады»

Капитан Ербол Ахметов жырақта алға қойылған міндеттерді орындап жүргенде, үйде оның қызы Томирис дүниеге келгенін атап өткен жөн, шекарашы офицер жаңа туған сәбиін бүгін алғаш рет көрді.

Өздерінің міндеттерін адал атқарғаны үшін 2015 жылғы желтоқсанда топ ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының, Ауғанстандағы Қазақстан Елшілігінің марапаттарына ие болды.

Қазіргі кезде Шекара қызметі жоспарлы тәртіппен Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін физикалық қорғауға жіберілетін әскери қызметшілерді даярлау жөнінде кешенді шараларды өткізуде, мұндай мекемелердің тізімін ҚР СІМ ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

2 3 4 5 6 7 8 9 0 

Соңғы жаңалықтар