ҰҚК: Т.Төлешев өз сыбайластарына Жоғарғы сот төрағасы мен ІІМ басшысы лауазымдарын уәде еткен (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Билікті күшпен басып алғысы келген бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев Қазақстан Республикасының құзырлы органдарында басшылық қызметін атқарған сыбайластарына Жоғарғы сот пен Ішкі істер министрлігінде лауазымды қызметтер алып беремін деп уәде еткен.
None
None

Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің төрағасы Руслан Қарасев мәлім етті.

«Тергеу анықтағандай, Бақтыбаев пен Досқалиев билікті күшпен басып аламын деген Тоқтар Төлешевтің ойынан хабардар болған және оны толықтай қолдаған. Мемлекеттік төңкеріс жасаған соң Т. Төлешев олардың біреуіне Жоғарғы соттың төрағасы қызметін, екіншісіне Ішкі істер министрінің қызметін алып беремін деген. Ал, әскери бөлімдердің басшылары Жумин мен Пернебаев заңсыз ақшалай сыйақы үшін Төлешевке әскери ұшақ, әскери техника мен штаттағы әскери адамдарды берген. 2014 жылдың тамызында Тоқтар Төлешев осы әскери әлеуетті пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әскери-спорттық шара өткізген. Сәкен Айтбеков Төлешевтің тапсырмасы бойынша лауазымды иелене отырып, қылмыс жасады деп айыпталуда»,-деді Р.Қарасев.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Т. Төлешевтің сыбайластарын қолға түсірді. Олар: ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі, заң саласы бойынша екінші кластағы мемлекеттік кеңесші Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хирбатолла Досқалиев, ОҚО Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысының бұрынғы бірінші орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Әлібеков, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығының 35848 және 55652 әскери бөлімдерінің командирі, полковник Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаевтар.









Соңғы жаңалықтар