ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 азаматты ұстады

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

КНБ
Фото: ҚР ҰҚК

«Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал», — делінген хабарламада.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Діни әдебиет
Фото: ҚР ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар