19:35, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҰҚК төрағасы Мемлекет басшысын еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етті
ыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады.

Н.Әбіқаев Президентті Комитеттің ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмыстарының басым бағыттарынан хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы сөз болды.