ҰҚК жүргізген арнайы операциядан кейін Ақтөбе зауыты бұрынғы режімде жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК арнайы операция жүргізгеннен кейін «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС бұрынғы режімде жұмыс істеуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Жұмыс штатты режімде жүріп жатыр. Кестеге өзгерістер енгізілген жоқ. Кеше де штаттық режімде жұмыс істедік», - деді зауытта.

Еске салсақ, өткенде зауыт маңынан күштік құрылым  қызметкерлері мұнай ұрлаған  күдіктілерді ұстаған. Бұдан басқа, мұнай ұрлаушыларға «криминалдық» қолдаушылық жасаған радикалдық салафизм ұстанушылардан тұратын қылмыстық топтың бірнеше мүшелерін тұтқындады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, олар тұратын жерлерге, алдын ала деректер бойынша, ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысатын бірқатар кәсіпорындарға тінту жүргізілді. Тергеу нәтижесін ҰҚК кейінірек хабарлауға уәде берді. Ақтөбеде арнайы операция қаланың өнеркәсіптік аумағында орналасқан «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС мұнай өңдеу зауыты маңында жүргізілді.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми өкілі Арсен Бектасовтың айтуынша, қылмыскерлерді қаланың әр бөлігінен ұстаған.

Соңғы жаңалықтар