Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға қызмет көрсету үшін 7,2 трлн теңге жұмсайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында үкіметтік борышқа қызмет көрсетудің шығындары туралы ақпарат берді.

Правительство РК ҚР Үкіметі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен 2024 жылы үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге 2,02 трлн теңге сомасында шығыстар көзделген. «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында үкімет борышына қызмет көрсетуге келесі шығыстар көзделген:

- 2025 жылы – 2 трлн 502 млрд теңге;

- 2026 жылы – 2 трлн 294 млрд теңге;

- 2027 жылы – 2 трлн 432 млрд теңге.

«Соңғы есепті күнге (2024 жылғы 1 қазанда) мемлекеттік борыш 30 трлн 504,8 млрд теңгені (немесе 63,6 млрд доллар, оның ішінде сыртқы 7 трлн 217,0 млрд теңгені (немесе 15,1 млрд доллар) құрайды», - деп жазылған жауапта.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі қай елге қанша қарыз екенін жазған болатынбыз. 

Жыл басынан бері Үкімет ішкі нарыққа мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы 4 трлн 996,6 млрд теңге қарыз тартқан. 

Соңғы жаңалықтар