Үкімет аптап ыстық пен жауыннан шығынға батқан шаруаларға қалай көмектеспек

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Үкіметке сілтеме жасап. 

үкімет
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының биылғы ауа райы қолайсыздығынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында мынадай шара қабылдау ұсынылды:

— форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;

— форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05%не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру;

— міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақысын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған шараларды қолдады.

Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмысты дереу бастауды тапсырды.
 

Соңғы жаңалықтар