Үкімет басшысы өңірлерді цифрландыру туралы: Әкімдіктер жеткілікті көңіл бөлмейді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмегенін айтты.

әділеттің цифрлық трансформациясы
Фото: Үкімет

«Өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмеген. Әкімдіктер бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей келеді. Өңірлік хабтарға қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсету өте маңызды. Цифрлық даму министрлгіне өңір әкімдіктерімен бірге Астана-хабты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT-салада экспортқа бағдарланған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Одан әрі Премьер-министр IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау мәселесін көтерді. 

«Астана-хабта үздік халықАралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Жаңадан құрылатын Жасанды интеллект орталығы жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Астана-хабпен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыста отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасауды тапсырамын. Оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажет. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұрған жөн», - дейді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан жарты жылда 306 млн долларға IT-қызметтерді экспорттады

Сондай-ақ Үкімет отырысында қазақстандық IT-мамандардың жалақысы 54%-ға өскені айтылды

Соңғы жаңалықтар