Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткен

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджет шығысының тең жартысы Ұлттық қор мен қарыз есебінен жабылғанын мәлім етті.

бюджет
Коллаж: Kazinform; Freepik

— Республикалық бюджеттің шығыстары 2024 жылы нақтылауды қосқанда жалпы 13 рет өзгеріске ұшыраған. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш болып отыр. Өзгерістердің шамамен 40 пайызы төртінші тоқсанда енгізіліп, салдарынан республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің 6,2 трлн теңгесі қайа қаралды. Мұндай жиі енгізілетін өзгерістер бюджетті жоспарлаудың болжамдылығына нұқсан келтіреді. Сондай-ақ, қысқа мерзімді шешімдерге баса назар аударуға бағытталғанын көрсетеді, — деді ол Мәжілістің отырысында.

Сондай-ақ, ол былтыр Ұлттық қор асқан ысырапшылдықпен пайдаланылғанын атап өтті.

— Шығыстарды қаржыландыруға мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі 2024 жылы 46 пайызға дейін төмендеген. Яғни, республикалық бюджет шығыстарының жартысына жуығы Ұлттық қордан берілетін трансферттер мен алынатын қарыздар есебінен жабылып отыр, — деді Нұрлан Нұржанов.

Еске салсақ, өткен аптада ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енген болатын.

Соңғы жаңалықтар