Үкімет бос бюджет қаражатын банктерде уақытша орналастыру қағидасын бекітті

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет 2025 жылғы 8 тамыздағы №603 қаулымен бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет қаржысын орналастыру қағидасына өзгерістер енгізді. 

Үкімет бос бюджет қаражатын банктерде уақытша орналастыру қағидасын бекітті
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Жаңа қағида мемлекеттік қазынашылықтың уақытша бос бюджет қаражатын бірыңғай қазынашылық шоттан депозитте, яғни Ұлттық банк, ұлттық пошта операторында немесе екінші деңгейдегі банктерде орналастыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Уақытша бос бюджет қаражаты банктерде мынадай шарттармен орналастырылады:

- уақытша сақтау теңге түрінде; 

- уақытша бос бюджет қаражатын орналастыру мерзімі 12 айға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен аспау керек; 

- сыйақы түріндегі кіріс төлемі ай сайын жүргізіледі, ал бір айға дейінгі мерзімге орналастырылған қаражат бойынша орналастыру мерзімі аяқталған соң төленеді.

- Орналастырудан түскен сыйақы түріндегі кіріс республикалық бюджетке аударылады және салық салынбайды,- делінген құжатта. 

Жаңа қағидамен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске сала кетсек, Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын реттеуді жетілдірудің жаңа шаралары қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар