Үкімет келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Үкімет басшысы Абай облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысымен танысты
Фото: ҚР Үкіметі

— Ірі өнеркәсіп жобаларын іске қосу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мұны активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажет. Мен бұл жөнінде ірі бизнес өкілдерімен кездесулерде айтқанмын. Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар