Үкімет көпбалалы отбасылардың сынына дайын ба — Бектеновтің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов көпбалалы отбасылардың мәселесіне қатысты сынға дайын екенін жеткізді.

Сколько к 8 Марта получат многодетные мамы в Туркестанской области
Фото: Александр Павский / Kazinform

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектеновке «Көпбалалы отбасылар тарапынан болатын сынға дайынсыздар ма? — деген сауал қойылды.

— Дайынбыз, сыннан қорқудың қажеті жоқ. Халыққа бәрін ашық, шынайы айту керек. Қазір сізге қалай түсіндіріп отырсам, халыққа солай жету керек. Табысы жоғары отбасы мен кірісі төмен отбасы бірдей әлеуметтік қолдау алмауы керек. Біз осы қағидатты ұстанамыз. Орынды сын, айыптауды қорықпай қабылдаймыз. Біз тиісті шешімдер қабылдау үшін жұмыс істейміз, — деп жауап берді Премьер-министр.

Бұған дейін Үкімет басшысы еліміздегі жөнсіз әлеуметтік көмекке тосқауыл қойылатынын айтты. 

Сондай-ақ Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерді неге ашық сынға алмайды деген сауалға жауап берді

Айта кетсек, бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты сынға алып, тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар