Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» АҚ бірінші басшылары қатысты.
Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың мәртебесі туралы баяндады.
Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.
Бұған дейін Үкімет қорғаныс шығындарын 120 млрд теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жазған едік.