Үкіметтің биылғы заң жобалау жоспары орындалды — Әділет министрі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев өтіп бара жатқан жыл ішіндегі заң жобалау жоспарының қорытындысын шығарды.

Ерлан Сәрсембаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары 19 заң жобасын әзірлеуді және Парламент Мәжілісіне енгізуді көздеді. Жыл ішінде Жоспарға үш рет өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жоспар 5 жаңа заң жобасымен толықтырылды және одан 2 жоба алынып тасталды. Бүгінгі таңда 22 жобаның ішінен үшеуіне Мемлекет басшысы қол қойды, 5-еуін Парламент қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» әзірленген қоғам үшін маңызды заңдар және оларға ілеспе жобалар. 14-і Парламент Мәжілісіне енгізілді, — деді министр.

Осы ретте Ерлан Сәрсембаев Премьер-министр Олжас Бектеновтен Мәжіліске заң жобаларының уақытылы енгізілуін ескере отырып, 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындалды деп тануды сұрады.

Бұдан бұрын Биыл Президент қанша нормативтік-құқықтық актіге қол қойғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар