ҰКП өкілдері мораторий біткеннен кейінгі кәсіпкерлердің өмірі туралы айтты
«Бизнесті тексеруге қойылған мораторий біткен соң не болады деген сұрақ барлығын алаңдатады. Осыған байланысты елімізде жоспарлы үд еріс жүріп жатыр. Біз жоспарлы тексерістерді алып тастадық, бақылаудың ерекше тәртібі жұмыс істеп тұр. Бүгінде осы бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыру үшін әрбір ведомствоға сәйкес бұйрықтар қабылдау қажет. Ал бұйрықтарды қабылдау үшін оларға тәуекелді бағалау жүйесін құру керек. Қазір барлық меморгандар осымен айналысуда. Сондықтан біз кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау жұмыстары 2015 жылдың шілдесінен кейін ғана басталады деген ойдамыз», - деп атап өтті ол.
Г. Құрбанбаева айтуынша, мораторий бизнестің мемлекеттік органдар тарапынан бақылау болмаса да жап-жақсы жұмыс істей алатынын көрсетті. Осы кезеңде еңбек өнімділігі мен өнім өндіру көлемі артып, бизнестің белсенділігі 6%-ға дейін өскен.
«Ешқандай айтарлықтай өзгерістер жоқ. Сондықтан біз мораторийден кейін де кәдімгі жоспарлы жұмыс жүре береді деп үміттенеміз», - деп түйді ол.