Украина әскери жағдай режимін енгізді

КИЕВ. ҚазАқпарат - Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл туралы Украина Президентінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған үндеуде айтылған.

«Біз еліміздің барлық аумағында әскери жағдай режимін енгіземіз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жұмылдыруға кірісіп кетті. Бүгін әрқайсыңыз сабырлық сақтауыңыз қажет, мүмкіндігінше, үйде қалыңыздар. Біз жұмыс істеп жатырмыз, әскер, Украинаның қауіпсіздік секторы түгел жұмыс істеп отыр», - деді Украина басшысы.


Соңғы жаңалықтар