Украина елшісі Қостанай облысында сапармен жүр

ҚОСТАНАЙ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Деминді қабылдады.
None
None

Елші жаңа экономикалық және мәдени байланыс орнату мақсатымен Қостанай облысында танысу сапарын жасауда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуге Елшіліктің үшінші хатшысы Н. Грановский, Украинаның Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша құрметті консулы, облыстық Украина этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Тарасенко, жергілікті билік өкілдері қатысты.

С.Кулагиннің пікірінше, Украина мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени байланыс тұрақты түрде нығайып келеді.

Елші С.Кулагин мен ол арқылы облыс аграршыларын астықтың мол шығуымен құттықтап, экономиканың әтүрлі салаларында ынтымақтастық орнатуға деген үмітін білдірді.

Соңғы жаңалықтар