21:53, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Украина Қазақстанға ДСҰ-ға кіру туралы келісімдерде қолдау көрсетпек - украиндық-қазақстандық бизнес-форум
КИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украина Қазақстанға ДСҰ-ға кіру туралы келісімдерде қолдау көрсетпек. Бұл туралы бүгін Киевтегі украиндық-қазақстандық бизнес-форумда Экономика министрі Василий Цушко мәлімдеді, деп хабарлайды Укринформ.

Экономика министрлігінің басшысы Украина мен Қазақстанның өзара демпингке қарсы тергеулерден бас тартқанын айтты. «Бүгін бірлескен комиссия отырысында біз демпингке қарсы тергеулерден аулақ жүретініміз туралы келісімге келдік. Біз қандай да бір кикілжің жағдайларда оңтайлы шешім тауып, жағдайдың шиеленісіп, демпингке қарсы тергеулерді болдырмауға тырысамыз», - деді министр.
В.Цушко атап өткендей, Қазақстан өз тарапынан осы шешімді іс жүзіндегі Кеден одағы шеңберінде жүзеге асырады.
Украинаның сауда әріптестерінің арасында Қазақстан Республикасы 2009 жылғы мәлімет бойынша ТМД елдері арасында 2-нші орынға, ал Украинаның барлық саудалық әріптес-елдері арасында 4-інші орынға табан тіреп тұр.