Украина Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға дайын

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлдан Жиембай/ - Украина Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға дайын.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанаға ресми сапармен келген Украина Премьер-Министрі Николай Азаров ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездескеннен кейін мәлім етті.

Екі елдің қарым-қатынасындағы барлық аспекілер бойынша сөз болғанын атап өткен ол: «Бірінші кезекте біз бірлескен индустриялық жобалар саласында ынтымақтастығымызды жандандырамыз. Біз Қазақстанның ауқымды индустрияландыру бағдарламасына қатысуға дайынбыз. Өз кезегімізде біз дәл осындай шарттармен қазақ компанияларына Украина аумағындағы жаңа жобаларға қатысуды ұсынамыз. Бұған біз мүдделік танытып отырмыз», - деді.

Украина Премьер-Министрінің атап өтуінше, ағымдағы жылдың 9 айында екі ел арасындағы сауда айналымы 70 пайызға өсіп, 2,5 млрд долларды құраған. Бұл ретте Қазақстан Ресейден кейінгі Украинаның ірі сауда серіктесіне айналып отыр.

Өз кезегінде К.Мәсімов: «Біз украиналық кәсіпорындардың Қазақстанның және Украинаның аумағында біздермен бірлесіп, бірлескен өндірісті құруға және дамытуға мүмкіндік алғанын қалаймыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар