Украина мен ЕҚЫҰ балаларды депортациялау мәселесін талқылады
АСТАНА. KAZINFORM — Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының делегациясымен кездесті. Бұл туралы ANEWZ агенттігі жазды.

Бұл ЕҚЫҰ президенті Пер Жоан Понстың Украинаға алғашқы сапары.
Кездесу барысында Сибига ЕҚЫҰ-ның принципті ұстанымын және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қолдауын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ делегацияны ұрыс даласындағы жағдаймен және Ресейдің Украина энергетикалық инфрақұрылымына шабуылының күшеюі туралы хабардар етті.
Жиында тараптар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аймақтағы қауіпсіздікке ең үлкен қатер екенін айта отырып, ЕҚЫҰ-ның парламенттік өлшемін нығайту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Украина делегациясы Ресейге депортацияланған украиналық балаларды қайтару мәселесін қозғады. Оған қоса, Парламенттік ассамблеяның украиналық балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияға қосылу мүмкіндігін қарастырды.
Бұған дейін Украинада еңбек құлдығында болған 13 өзбекстандық босатылғандығы жөнінде жазған болатынбыз.