20:33, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Украина мен Қазақстан теміржол тарифтерін бірыңғайлайды
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Бірінші вице-министр Андрей Клюев қыркүйектің 14-і мен 15-інде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келіссөздер нәтижелері бойынша өткізілген брифингте хабарлағандай, Украина мен Қазақстан теміржол тарифтерін бірыңғайлайды,

деп хабарлайды Укринформ.
«Біз теміржол көлігінде өзара іс-қимыл жасасу туралы келістік -қазақтың тауар өндірушілері үшін Украина жер аумағы арқылы өз тауарларын транзиттеуге тиімді болу үшін бағаларды бірыңғайламақпыз», - деді ол.
А.Клюев атап өткендей, теміржол тарифтерін бірыңғайлауға болашақта Ресейді де тарту жоспарланып отыр. «біз тарифтерді бірыңғайлаймыз, осы процеске ресейлік тарапты да қосып аламыз. Шынтуайтына келгенде, біз бұл туралы келісіп те қойғандаймыз».