Украина Пасха мерекесіндегі бітімгершілікті қолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Владимир Зеленский Ресей Пасха мерекелері кезінде бітімгершілікті жариялағаннан кейін Украинаның жауап шараларға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform

Украина Пасха мерекесіндегі бітімгершілікті қолдады
Фото: Zoonar/picture alliance

Украина басшысы бұл туралы өзінің Telegram арнасында хабарлады.

— Украина жауап қадам жасауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Біз биыл Пасха мерекелері кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз, — деп мәлімдеді ол.

Осыған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шешімімен православие мерекесі — Пасхаға (Христостың қайта тірілуі) байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 16:00–ден бастап 12 сәуір күнінің соңына дейін бітім жарияланғанын хабарладық

Сондай-ақ Ресей тарапы Украина да осы үлгіні ұстанады деп күтетінін мәлімдеді.

Айта кетелік АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынған еді

Соңғы жаңалықтар