Украина Президенті П. Порошенко 2015 жылдың екінші жартысында Қазақстанға сапармен келмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың екінші жартысында Украина Президенті Петр Порошенко Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

«Мемлекет басшысы Украина Президенті Петр Порошенкомен оның бұл сапары туралы келісті. Біз бастапқыда бірінші жартыжылдыққа жоспарлаған едік, яғни ақпан-наурызды белгілеген болатынбыз. Алайда, жағдайларға байланысты оны іске асыру қиынға соқты. Біз екінші жартыжылдықта осы сапар болады деген үміттеміз»,-деді Е. Ыдырысов.

Соңғы жаңалықтар