Украина Президенті П.Порошенко Қазақстанға 2015 жылдың бірінші тоқсанында келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың бірінші тоқсанында Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстанға сапары жоспарланған. Бұл туралы Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник мәлім етті.
None
None

"2015 жылдың бірінші тоқсанында Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында экономикалық әріптестік бойынша мемлекетаралық комиссияның 12-отырысы өткізіледі. Болашақта авиақұрылыс және ғарышты зерттеу салаларында екіжақты ірі жобаларды іске асыру дайындалуда", - деді Ю. Лазебник.

Оның айтуынша, Украинадағы жағдайды реттеу аясында Астанада Украина, Франция, Ресей және Германия басшыларының қатысуымен кездесу өткізіледі. "Қазақстан тарапы бұндай кездесуді уақыты белгілі болысымен өткізуге келісімін беріп отыр. Украина Президентінің атап өтуінше, бұл кездесудегі басты талап өткен жылдың қыркүйегінде қол жеткізілген Минск келісімдерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Бұл келісім орындалуы тиіс", - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар