Украина президентінің зайыбы коронавирус диагнозымен, ауруханаға түсті

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украина президентінің зайыбы Елена Зеленская Кивете пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президентінің зайыбы коронавирус диагнозымен, ауруханаға түсті

Агенттіктің хабарлауынша, Елена Зеленскаядан «COVID-19 табылған және оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Елена Зеленская оттегі аппаратына қосылған жоқ. Жағдайы тұрақты», - делінген Президент кеңсесінің телеграмм каналында таратылған ақпаратта.

Алайда, кеше Украина президент Владимир Зеленский мен оның балаларынан алынған COVID-19 сынамаларынан ауру анықталған жоқ.

Еске салсақ, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кетті.