Украина соғысты тоқтату үшін «қиын қадамдар» жасауы керек – Марко Рубио

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Сауд Арабиясына АҚШ пен Украинаның ресми тұлғалары арасында әскери қақтығысты тоқтату мақсатында келіссөздер жүргізу үшін келді, деп хабарлайды ABC News

Украина должна пойти на «трудные шаги», чтобы положить конец войне — Марко Рубио
Фото: voanews.com/a/8004187.html

Рубионың мәлімдеуінше, АҚШ Украинадан бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қандай жеңілдіктер жасауға дайын екенін тікелей естігісі келеді.

- Біз бұл жерден ең маңызды нәрсе – Украина қиын қадамдарға баруға дайын деген күшті сезіммен кетуіміз керек, сол сияқты ресейліктердің де бұл қақтығысты аяқтауға немесе қандай да бір түрде тоқтату үшін қиын қадамдар жасауына тура келеді, - деді Марко Рубио. 

Сейсенбі күнгі келіссөз президент Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің Сопақ кабинеттегі дауласуынан кейінгі екі жақтың алғашқы кездесуі болмақ

Дүйсенбіде Рубио алдағы талқылауда «оң келісім» болатынына сенім білдіріп, әскери көмек мәселелері шешілуі мүмкін екенін айтты. 

- Жақсы кездесу өткізіп, осы мәселе бойынша жағымды жаңалық жариялай аламыз деп сенемін. Біз ресейліктерге әскери көмек көрсетпейміз - деді Марко Рубио.

Рубио әскери барлау деректерін Украинамен бөлісу жалғасып жатқанын атап өтті. Бұған дейін Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қайта жанданғанын мәлімдеді.

Хатшы Рубио пайдалы қазбаларды жеткізу туралы келісім бойынша жұмыс жалғасып жатқанын, бірақ сейсенбідегі келіссөздердің негізгі тақырыбы болмайтынын жеткізді. 

- Осы кездесудің маңызды сәті – екі жақтың ниеттерін айқындау, олардың талай рет жария түрде мәлімдегеніндей, бейбітшілікке жетуге деген ұмтылысы. Содан кейін біз олардың Ресей позициясынан қаншалықты алыс екенін анықтауымыз керек, біз оны әлі білмейміз», - деді Марко Рубио.

Бұған дейін Владимир Зеленскийдің Эр-Риядта тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездесетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар