Украина төңірегіндегі эскалация

АСТАНА. KAZINFORM - Ресей ұрыс жағдайында «Орешник» ядросыз гипердыбыстық жабдықта баллистикалық зымыранды сынады.

Ресей
Фото:Ресейдің қорғаныс министрлігі

Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.

Соңғы жаңалықтар