Украина «Тұзағын» Қазақстанға таңуға кімдер тырысып жүр

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей-Украина қақтығысы аясында әлеуметтік желіде Қазақстанға бағытталған ақпараттық шабуылға қатысты саясаттанушы Әділ Сейфуллин Kazinform агенттігіне эксклюзив пікір білдірді.

эксперт Адиль Сейфуллин
Фото: Әділ Сейфуллиннің жеке мұрағатынан

Сарапшы Украинаның «Тұзақ» операциясының мақсаты Ыстанбұлдағы алдағы келіссөздерге әсер ететіндігіне сенімді.

- Осынау Қазақстанның жанама көмегіне қатысты кез келген дақпырт периметр бойындағы барлық жаңа ойыншыларды теке-тірес отына тарту үшін өте ыңғайлы қоздырғыш бола алады. Дегенмен, Қазақстан геосаяси шабуылдар жағдайында арзанқол арандатушылыққа қарсы салқынқанды прагматизмді паш етуін жалғастырып келеді, - деп атап өтеді Әділ Сейфуллин.

Дегенмен, медиада және Telegram кеңістігінде Қазақстанды «Ресей аумағында украиндық дрондардың шабуылына жәрдемін көрсетті» деп айыптайтын жалған ақпараттың кезекті мәрте өрттей қаулауы нақты сараптамалық бағалауды талап етеді. 

- Бұл мәлімдемелер халықаралық аренада да, сонымен қатар қоғамымыздың ішінде де елімізге сенімді үзуге бағытталған алыпсатарлықтан өзге дым да емес. Біріншіден, Қазақстан барлық халықаралық санкциялық режимді дәйекті түрде сақтап келеді, – деді сарапшы.

2022 жылдың тамызынан бері әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттауға тыйым қолданысқа енгізілген. Мұнан бөлек, 2023-2024 жылдары Астана әскери мақсатта кез келген жағдайда қолдану мүмкіндігін болдырмау үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың 100-ден астамын Ресейге экспорттауды доғарды. Қазақстан Ресейге, Украинаға немесе жанжалға қатысып жатқан кез келген өзге тарапқа қару-жарақ сатпайды.

- Бұл ұстаным – біздің бейтараптығымыз бен сыртқы саясатымыздың бейбітсүйгіштігінің бөлшегі, - деді ол.

Оның айтуынша, екіншіден, Ресей Федерациясымен қазіргі тауар айналымы тек бейбіт, азаматтық және гуманитарлық сипатта ғана. Сөз азық-түлік, кеңінен қолданылатын тауарлар, логистика, білім және мәдени жобалар жайында ғана болып отыр.

- Қазақстан ЕАЭО мен ТМД аясында Ресейдің серіктесі болып қала береді. Бірақ, гуманитарлық және әскери ынтымақтастықтың ара-жігін нақты шектейді. Бұл - әлеуметтік желілердегі ұрандарға емес, нақтыланған іс-қимылдарға негізделген ресми мемлекеттік ұстанымның мәні.

Үшіншіден, Қазақстанға қатысты айыптаулар ресми органдардан емес, анонимді Telegram-арналар мен баяғыдан медиалық қысым мен гибридтік әсер етудің құралына айналған жекелеген «әскери тілшілер» тарапынан шығып жатыр. Олардың мақсаты – Қазақстан мен оның негізгі серіктестері арасына сына қағу, Астананы халықаралық қоғамдастықтың көз алдында беделін түсіру, Қазақстанның егемендігі мен сыртқы саясатының прагматизміне күмән келтіру, - деп атап өтеді саясаттанушы.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің реакциясы бірден әрі біржақты болды: мұндай мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ және ел дрондардың логистикасына да, соққы жасау операциясы үшін қандай да жеткізілімдерге де қатысты емес.

Ол қоғам мен мемлекет арасында сенімсіздік дәнегін себуге тырысуды, деструктивті өсек-аяң таратуды гибридтік қысым элементтері де атады.

- Бұған қоғамның мызғымастығы, ақпараттық алаңның көзқарақтылығы және арандатушылыққа қатаң тойтарыс беру жауап болуы тиіс. Қазақстан – өзгенің ойынында қолданылатын құрал емес.

Сыртқы саясатымыз тәуелсіз, сындарлы және тұрақты дамуға, қауіпсіздікке және халықаралық легитимділікке бағытталған және де бұл – фейктермен де, саналы улаумен де жою мүмкін емес «қызыл сызық», - деді Әділ Сейфуллин.

Айта кетейік, Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзінің екінші раунды аяқталды.

Соңғы жаңалықтар