Украина және Қазақстан президенттерінің оңаша кездесуі басталды

nbsp;КИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Киевте Украина Президентінің Әкімшілігігі алдындағы алаңда бүгін Украинаға екі күндік ресми сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды РИА «Новости».
None
None

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, халықаралық дипломатиялық хаттамаға сәйкес, Қазақстан Президентін әскери салтанатпен Украина Қарулы Күштерінің Құрмет қарауылы ротасының әскерилері қарсы алды. Президент Әкімшілігі ғимаратының алдында Украина мен Қазақстанның мемлекеттік тулары көтерілді.

Украина Президенті Виктор Янукович пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара сәлемдесулерінен кейін екі елдің әнұраны шырқалды. Мемлекет басшылары құрмет қарауылының сапын аралап шықты. Н.Назарбаев украиндық әскерилермен сәлемдесті, одан кейін Құрмет қарауылының ротасы мемлекет басшылары мен ресми делегация өкілдерінің алдында салтанатты саппен өтті.

Қазіргі уақытта Украина мен Қазақстан Президенттерінің оңаша кездесуі басталды, одан кейін делегация құрамындағы келіссөздер басталады. Тараптар бірқатар мемлекетаралық құжаттарға қол қойып, БАҚ өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Сағат 18.00-де Мемлекет басшылары Даңқ саябағындағы Белгісіз жауынгердің бейітіне және Укранинадағы аштық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қояды.

Ресми сапардың екінші күні, қыркүйектің 15-інде, сағат 13.00-те Украина мен Қазақстан Президенттерінің Киевтегі «Хаятт» қонақ үйінде өткізілетін украин және қазақ іскер топтарының өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар