Украинада банк бөлімшесінде жарылыс болды

КИЕВ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Мелитопольде (Запорожье облысы, Украина) Ощадбанк (Жинақ банкі) бөлімшелерінің бірінде жарылыс болып, 21 адам зардап шекті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-Украина агенттігіне сілтеме жасап.Төтенше жағдайлар министрлігінің Запорожье облысы бойынша бас басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Юлия Барышеваның хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 10:28-де (мәскеу уақытымен 11:28) болған, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Украина ТЖМ баспасөз қызметінің бастығы Игорь Крольдің хабарлауынша, Ощадбанк бөлімшесі 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Барлығы екі жарылыс болып, жарылыс толқыны үйдің қасында тұрған үш автомашинаны зақымдаған. Зақымданған үш адам ауыр халде. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілуде.
Соңғы жаңалықтар