Украинада қазақстандық 50 ауыр жүк көлігі жүргізушісінің орналасқан жері белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинада қалып қойған 50 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі өздерінің орналасқан жеру туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
None
None

«Қазірдің өзінде 50 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Украинадағы өзінің орналасқан жері туралы хабарлады. Олардың көпшілігі жүк тиелген көліктерін тастап, елден ұшып кете алмайды. 25 ақпанда Атамекен ҰКП сыртқы істер, сауда министрліктеріне және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ресейлік, беларустық, украиндық, польшалық және басқа да тараптардан қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан шығуы үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету туралы мәселені пысықтау өтінішімен хат жолдады», - деп жазылған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Telegram парақшасында. https://t.me/Atamekennews/1214

Сондай-ақ, Украинада қалып қойған көлік жүргізушілеріне хабарландыру жарияланды.

«Біз жүргізушілер туралы мәліметтерді жинауды жалғастырамыз және оларды жедел түрде ведомстволарға жолдаймыз. Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай қалса, жеке деректерді +7 778-870-1432 (ҰКП call-орталығы) нөміріне жіберуге болады», - деп хабарлайды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жеткені туралы хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар