09:49, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Украинада шоколадтан екі метрлік мүсін жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Одессада Дүниежүзілік шоколад күнін мерекелеу кезінде ең биік шоколад композициясын жасау бойынша Украина рекорды орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Росбалт-қа сілтеме жасап.

Сейсенбі күні қаланың тарихи орталығы - Ришельевская көшесінде Украинаның жаңа ұлттық рекорды - «Ең биік шоколад композициясы» тіркелді. Тиісті сертификат шоколадтан адам мүсінін жасау идеясының авторы әрі шоколад шеберханаларының бірінде жұмыс істейтін Руслан Громаковскийге табысталды.
Руслан Громаковскийдің айтуынша, шоколад мүсінін жасауға 80 күн және 40 кг бельгия шоколады жұмсалған. Композиция ешбір тіреуіш арматураларсыз, яғни тек шоколадтан ғана жасалған.