Украинада тұмаудың салдарынан қайтыс болғандардың саны 81 адамға жетті

АНА.  Қарашаның   4-і. ҚазАқпарат -   Украинада   тұмау  мен  тыныс жолының   жіті вирустық инфекциясы салдарынан   қайтыс болғандардың саны 81 адамға жетті, 
None
None

 деп  хабарлайды  «РИА  «Новости»  агенттігі.

Украинаның бас санитарлық  дәрігері  Александр Беловол  сәрсенбі  күні   өткен арнайы кеңесте мәлім еткеніндей,    кеше,  қарашаның  3-інде     тұмаудан  71 адамның  көз жұмғаны  туралы    хабарланған болатын.  Өткен  аптада Украинада  тұмау  эпидемиясы  туралы  жария етілді,  індет  негізінен  елдің батыс аймақтарына жайылып отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, «478 мың  адам  ауырып, 81 адам көз жұмды»,  деді Беловол. Оның   айтуынша,  A/H1N1 тұмауының 14  оқиғасы тіркеліп,  оның  үшеуі - кісі  өлімімен  аяқталған.

Соңғы жаңалықтар