Украинада жасалған вагонның сапасыздығынан Семейде жүк пойызы темір жолдан шығып кетті

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Украинада жасалған вагонның сапасыздығынан Семейде жүк пойызы темір жолдан шығып кетті.
None
None

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«2011 жылдың 21 қарашасында, сағат 19.50-де Семей бөлімшесінің №15-інші Аягөз-Жарма учаскесінде жүк пойызының бес вагоны жолдан шығып кетті. Себебі, Мариуполь қаласындағы (Украина) «Азовэлектросталь» ЖАҚ-да сапасыз жасалған вагонның бүйір рамасының сынуы. Зардап шеккендер жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, төтенше жағдай салдарынан 1 жолаушылар пойызы мен 7 жүк пойызы кестелерінен кешікті. 150 метр теміржол бөлігі зақымдалды. Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар