Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, қазіргі уақытта Украина-Польша шекарасынан 241 адам өтті.
«Шекарадан барлығы 4 автобус өтті. Тағы 99 адам шекарада тексеруді күтіп отыр. Репатриациялық рейс жасайтын ұшақ бүгін сағат 10:00-де Атыраудан ұшып шықты. Катовицеден қайтатын рейс 15:30-ға жоспарланған. Репатриациялық рейс сағат 21:00-де жанармай құю үшін Атырауға техникалық түрде қонады, ал Алматыға сағат 00:30-да келеді деп күтілуде. Борт 174 жолаушыға арналған, қалған жолаушылар үшін, оның ішінде шекарада күтіп отырғандарға тағы бір рейс жіберіледі», - деді Е. Жетібаев.
Сонымен бірге, жүк көліктері жағдайы бойынша: Харьков қаласынан Белгород қаласына қарай 8 ауыр жүк көлігі Украина-Ресей шекарасынан өткелі тұр.
Оның ішінде Қазақстанның - 4, шет мемлекеттердің 8 азаматы бар.