Украинадағы Қазақстан азаматтарының екінші легі елордаға келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір елорданың халықаралық әуежайына «Air Astana» компаниясының әуе кемесі Украина шекарасынан өтіп, Польшаға жеткен отандастарымызды әкелді.

Олар Польшаның Катовице қаласынан Атырауға, одан әрі ел астанасына жетті. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Елге аман-сау жеткен отандастарымызды елорда жұрты қуанышпен қарсы алды.

Айта кетейік, еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Украина шекарасынан өтіп Польшаға жеткен, 124 Қазақстан азаматының елге ұшып келе жатқанын хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі кеше Алматыға келді.


Соңғы жаңалықтар