01:43, 01 Мамыр 2019 | GMT +5
Украинадағы президенттік сайлаудың соңғы нәтижесі жарияланды
КИЕВ. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Орталық сайлау комиссиясының 30 сәуірде өткен отырыс хаттамасына сәйкес, Украина Президенті Владимир Зеленский болды» , - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачук.
Слипачуктің айтуынша, президент сайлауындағы екінші турдың соңғы қорытындысы бойынша сайлаушылардың 73,22% Владимир Зеленскийді жақтаса, Петра Порошенконы халықтың 24,45% қолдаған.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде алдын ала мәлімет бойынша Владимир Зеленскийдің сайлауда жеңіске жеткені туралы хабарлаған болатынбыз.